Ұлттар шеруі

Жаз – балалардың асыға күтетін ерекше маусымы. Күннің көзі қызу шағып, табиғат жайнаған шақта, лагерьлер балдырғандарға ұмытылмас әсер сыйлауға дайын. Биылғы жаз да ерекше оқиғаларға толы болатынына сенімдіміз, себебі болашақ мұғалімдер нұсқаулық лагерінде түрлі шараларды ұйымдастырып, педагогикалық қабілеттерін шыңдауда.

Лагерьде «Ұлттар шеруі» фестивалінің ашылуы баршаны таңғалдырды. Әр отряд әлемнің бір елін таныстырып, ұлттық киімдерін киіп, әндерін айтып, билерін биледі. Сахнада түрлі мәдениеттердің мозаикасы жасалып, балалар әлем халықтарының достығын паш етті.

Ән мен сазға құмар жандар «Сахна сенікі…» караоке батлында өз өнерлерін көрсетті. Сахнаға шыққан әрбір қатысушы жүрегіндегі әнін шырқап, көрермендерді тәнті етті. Достық пен музыканың кеші ешкімді бей-жай қалдырмады.

Ал «Стартинейджер» кеші лагерь өмірінің ең жарқын сәті болады деп ойлаймыз.Студенттер сүйікті кейіпкерлерінің образын сомдап, шығармашылық қабілеттерін шыңдады. Көңілді ойындар, билер мен әзілдер кештің көркін қыздырды.

Лагерь – балалардың армандары орындалатын, жаңа шыңдарға жетелейтін ерекше әлем!