2025 жылғы 1–5 желтоқсан аралығында Кәсіптік оқыту мамандығының екінші курс студенттері өздерінің даярлық бейіні бойынша таныстыру тәжірибесінен өтті. Бір апта ішінде тәжірибе қатысушылары болашақ кәсіби қызмет саласы туралы алғашқы түсініктерін алып, жұмыс үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен және қоғамдық тамақтану қызметкеріне қойылатын талаптармен танысты.
Тәжірибенің қорытындысы ретінде Рудный қаласының қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына экскурсия ұйымдастырылды. Студенттер №10 және №19 асханаларында болып, олардың толық құрылымын көрді, жұмыс тәртібімен танысты, сондай-ақ «Сервис» ЖШС асханаларында қолданылатын нормативтік-технологиялық құжаттамамен танысты.
Экскурсия студенттерге нақты жұмыс жағдайларын көруге, тәжірибе барысында алған білімдерін бекітуге және кәсіби қызметте стандарттар мен технологияларды дәл сақтаудың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.