2025 жылдың 19 желтоқсанында «One School – One Skill (Бір мектеп – бір дағды)» жобасын іске асыру аясында Рудный қаласы №10 мектеп-гимназиясының оқушыларына арналған кәсіби оқыту бойынша интерактивті экскурсия ұйымдастырылды.
ТШП-03 тобының студенттері оқушыларды «Өндірістік оқыту шебері» педагогикалық біліктілігі және «Тігін өндірісінің техник-технологы» техникалық біліктілігінің ерекшеліктерімен таныстырды. Сонымен қатар, колледждің әлеуметтік серіктестерінің тігін кәсіпорындарына экскурсия ұйымдастырылды. Студенттер универсал тігін машиналарымен жұмыс жасау бойынша оқу шеберлік сабағын өткізді. Әрбір оқушы тігін ісінде өз күшін сынап, өзінің «тәлімгерінің» жетекшілігімен тігін жолақтарын тігуге тырысты.
Мұндай экскурсиялар тек кәсіпке деген қызығушылықты ғана емес, сонымен қатар мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауға көмектеседі.

