Студенттердің көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және базалық кәсіпорындарда өткен өндірістік практика барысында алған практикалық тәжірибесінің сапалық деңгейін анықтау мақсатында 2026 жылғы 19 қаңтарда Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде «Шеберлікке апарар жол» атты іріктеу байқауы өтті. Байқауға 10 студент қатысты. Барлық қатысушылардың өнер көрсетуі мазмұнды әрі әсерлі болды.
Байқау комиссиясының шешімі бойынша үздік деп танылғандар – болашақ бастауыш білім беру мұғалімдері: Бикишева Гулнур (ББМ-04, I орын), Козлова Анна (ПиМНО-03, II орын), Кондратенко Ирина (ПиМНО-03, III орын).
Жеңімпаздарға 2026 жылғы 30 қаңтарда өтетін студенттердің өндірістік практика қорытындысы бойынша есеп беру жұмыстарының «Менің мамандығым. Өндірістегі менің тәжірибем» атты Халықаралық байқауына қатысу құқығы берілді.

