Ағылшын тілін бастауыш сынып оқушыларына үйретуде инновациялық технологияларды қолдану

2026 жылдың 4 наурызында ИНК және ШТ топтарының 4 курс студенттері үшін «Ағылшын тілін бастауыш сынып оқушыларына үйретуде инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында практикалық конференция өткізілді. Студенттер дипломалды практика барысында меңгерген ағылшын тілін бастауыш сынып оқушыларына оқыту әдістері мен тәсілдерін ұсынды.

Конференция барысында студенттер ағылшын тілін бастауыш деңгейде үйрету барысында заманауи инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру жолдарын көрсетті. Жоспарланған презентациялар барысында сабақ үзінділері, практикалық тапсырмалар ұсынылып, қолданылатын әдістер мен технологиялардың тиімділігі талданды.