Әлеуметтік-мәдени демалыс бағытындағы мекемелер жұмысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру

НХТ-03 тобының студенттері 8 сәуір күні қалалық музей қызметкерлерімен және «Жанұя» отбасы және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мамандарымен кездесті. Кездесу тақырыбы – әлеуметтік-мәдени демалыс бағытындағы мекемелер жұмысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру болды. Іс-шара Рудный қаласының мәдениет мекемелерімен серіктестік ынтымақтастық аясында өтті.