29.05.2026 күні колледждің акт залында педагогикалық біліктіліктер бойынша бітіруші топ студенттерінің Рудный қаласының мансап орталығының маманымен кездесуі өтті. Кездесу барысында студенттер «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасу тәртібімен танысты.
Маусым айында 147 студент оқуын аяқтауға дайындалуда, сондықтан диплом алған жас мамандар үшін алғашқы жұмыс орнын іздеу – осы кезеңнің маңызды міндеттерінің бірі. Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

