РӘГК КТК-шылары сеніммен алға басуда!

1 наурыз күні Рудный индустриалдық инититутында КВН «RudLife» КТК қазақ лигасының ашылу салтанаты болып өтті, оған біздің коледждің  «Көзайым» және «Болашақ» КТК  командалары қатысты.  Ойын нәтижелері бойынша біздің екі команда да келесі кезеңге көшті!

Барлығы үшін саған алғыс айтамын!

1-ші наурыз күні РӘГК-нде студенттер бір-бірін, өздерінің оқытушылар мен колледждің персоналын Алғыс айту күнімен құттықтады. Персонал үшін құттықтау плакаттары  жасалды. Холлда күні бойы әр студент  өзінің достары мен оқытушыларына алғысхат жолдай алатын Алғыс поштасы жұмыс істеді. Студентер баллар мен жастардың шағырмашылығын дамыту Сарайында өткен мерекелік бағдарламаға барды, сонымен қатар қарттар мен мүгедектерге арналған № 2 үй-интернатында өткен мерекелік концертке қатысты.

Жас ғалым

28 ақпан күні Қостанай қаласындағы ЕИнЭУ коледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында  өткізілеп жатқан «Жас ғалым» студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияның ұйымдастырушысы Қостанай облысы білім басқармасының ТжКБ әдістемелік іс бөлмесінің қолдауымен «Колледж КИнЭУ» ЧУ болып табылады. Ғылыми-тәжірибелік конференцияның өткізілу мақсаты: зерттеу құзыреттілігін дамыту және студенттердің ғылыми-зерттеу, ғылыми-тәжірибелік жетістіктерін насихаттау.

Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері конференцияға секциялар бойынша қатысып, жүлдегерлік орындарға ие болды.

«Педагогика мен психология» секциясы:

  • 1 орын – Бимурзин Алим (ШТ-03), «Incomplete family as a factor influencing the development of anxiety and aggressive behavior in adolescence» мақаласы, ғылыми жетекшісі Смолдарев Ю.В., педагог-психолог;
  • 3 орын – Сельмурзаева Лейла (ТШП-03), «Влияние посещения спортивных секций на снижение уровня эмоционального выгорания педагогов колледжа» мақаласы, ғылыми жетекшісі Смолдарев Ю.В., педагог-психолог;
  • «Ғылыми жаңалық» атауы бойынша – Шурина Айна (ШТ-03), «Неполная семья – как возможный факто р развития чувства субъективного одиночества в подростковом возрасте» мақаласы, ғылыми жетекшісі Смолдарев Ю.В., педагог-психолог;
  • «Ғылыми жаңалық» атауы бойынша – Амантай Рәзия (ШТ-03), «Жағдайы төмен отбасынан шыққан жасөспірімдердің болашаққа деген қарым-қатынас ерекшеліктері» мақаласы, ғылыми жетекші Оразов А.Х., арнайы пән оқытушысы.

 

«Қоғамдық ғылымдар» секциясы:

3 орын – Бондаренко Полина (П-02), «Қазақстанның экологиялық әлемдік мәселелері» мақаласы, ғылыми жетекші Шмелькова Г.Н., арнайы пән оқытушысы.

Доп себетте!

Ақпан айының  26-28 аралығында РӘГК-де колледждердің ерлер командасы арасында баскетболдан қалалық сайыс болып өтті.

Ойын нәтижелері:

1 орын – Рудный политехникалық колледжі,

2 орын – Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі,

3 орын – Рудный құрылыс және көлік колледжі.

Сыбайластыққа ЖОҚ де!

27 ақпан күні Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде оқытушылар құрамының ҚР Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет ісі жөніндегі Агенттігінің Департамент басшысының орынбасары Искендиров Асхат Батыржанович және Қостанай облысы бойынша «Заңгер» заңгерлерлік кеңес Палатасының кеңесшісі Долгих Дмитрий Леонидовичпен кездесуі болып өтті. Кездесуде Қостанай облысында сыбайластықтың пайда болу мәселелері, сыбайластық фактілеріне қатысты шыдамсыздықтың қалыптасуы мен оның алдын кесу шаралары туралы тақырып талқыланды.

Ата-аналар мен РӘГК-нің оқытушылары спортта күш біріктірді

23 ақпан күні Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде айтарлықтай шара – «Туған жер» бағдарламасы аясында оқытушылар мен ата-аналар қоғамдығы арасындағы бірінші Спартакиада олып өтті. Сайысқа 5 команда қатысты: әр бөлімнен 4 ата-аналар командасы мен колледж оқытушыларының құрама командасы. Спартакиада бағдарламасында: үстелде ойналатын теннис, дартс, дойбы мен волейбол.

 

Ойындардың түрлері бойынша нәтижелер:

Continue reading Ата-аналар мен РӘГК-нің оқытушылары спортта күш біріктірді

«Біз болашақпыз!» сынып сағаттары

25 ақпанда Жастар жылы аясында коллеждің оқу топтарында «Біз болашақпыз» сынып сағаттарының циклы болып өтті. Сынып сағаттарының мақсаты: жастар арасында құқықтық, мәдени-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, көшбасшылық тәжірибеге бейімді дарынды жастардың бастамаларын қолдау, жастарды патриоттық отан сүйіспеншілігіне тәрбиелеу.

Балабақша тәрбиешісінің қызметі арқылы қоғамдық сананы жаңғырту

Қала мектептерінің оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Балабақша тәрбиешісінің қызметі арқылы қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында пікір талас ұйымдастырылды. Мақсат- мектеп оқушыларын алдағы оқу жылында ашылатын мамандықтар тізбегімен таныстыру және мамандық таңдауға бағыт сілтеу.

Пікір талас қонақтары қаламыздағы №19 орта мектебінің 9 «А»сынып оқушылары және сынып жетекшісі Жакслыхова Гулназ Нурмуратовна .

Алғашқы сөз кезегі бөлім меңгерушісі Ш.Б.Құрманбаева берілді, кейін қызу пікір-талас өз жалғасын тапты. МДТ-02 тобының студенттері Т.Туребаева, Ү.Омарова, А.Баймурзаева, О.Тыныштықова белсене қатысып, өзіндік ойларын еркін ортаға тастады. Үкімет және парламент болып сынға түскен екі жақта ұшқыр ой, нақты фактілерді тілге тиек етті.

Төрешінің шешімімен үкімет тарапы жеңіске жетті. Пікір-талас соңында 9 «А» сыныбының жетекшісі Г.Н. Жакслыхова өзінің алғысын білдіріп , шәкірттеріне мамандық таңдау еш қателеспей , егемен елімізге адал еңбек етулеріне тілектестігін білдірді.

 

Жайлаубаева И.Ж.

МДТ-02 тобының жетекшісі.

Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды!

20 ақпан күні Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде Рудный қаласының жасөспірімдер полиция бөлімінің учаскелік полциясымен «Жастар ортасындағы құқықбұзушылық ерекшеліктері мен оның алдын алу» тақырыбына лекция болып өтті. Шараның маққсаты: кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы теріс қылықтарының алдын алу.

Полицияның аға лейтенанты К.В. Заречная, аға лейтенанты Ж.А. Далдабаев, аға лейтенанты Т.У. Тапалов колледж студенттеріне кәмелетке толмағандардың түнгі мерзімде көшеде, көңіл көтеру мекемелерінде жүруіне қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік Кодексінің бірнеше баптары туралы түсіндіріп өтті.

Ауғаныстан – жүректегі мәңгі жара

18 ақпанда Кеңестер одағының әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығуының 30-жылдығына арналған «Ауғаныстан – жүректегі мәңгі жара» атты сынып сағаттары болып өтті. 1989 жылы 15 ақпанда Кеңестер одағының әскерлерінің ауғаныстан жерінен шығуы аяқталды. 14 мыңнан астам жауынгер еліне қайтып келмеді –  соғыс тарихының бағасы осындай.

Сынып сағаттарынң мақсаты: отанға деген патриоттық сүйіспеншілікті қалыптастыру, өз  тарихына қызығушылықтты арттыру, азаматтық позиция; отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілік, үлкендерге құрмет, ой-өрісті дамыту және болашақ үшін жауапкершілікті дарыту.