2026 жылғы 18–20 мамыр аралығында колледж базасында «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберліктің облыстық «WorldSkills Kostanay-2026» чемпионаты өткізілуде.
Чемпионатқа 3 колледжден 6 қатысушы қатысуда. Қатысушылар үш конкурстық модуль аясында өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетеді: сабақ фрагментін әзірлеу және өткізу, сыныптан тыс іс-шара ұйымдастыру, сондай-ақ білім алушылардың жобалық-зерттеу қызметін ұйымдастыру.
Чемпионат тәжірибе алмасу, кәсіби шеберлікті көрсету және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің заманауи педагогикалық құзыреттерін дамыту алаңына айналады.






